Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 06-7/179 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізіліп, тестілеудің жаңа бағдарламалары қабылданды. Аталған бұйрық күшіне 2014 жылдың 1 наурызында енеді.

Жаңа ереже бойынша тестілеу енді үш бағдарламадан тұрады:

Бірінші бағдарлама «Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттарына арналған келесі тесттерді қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi. Нормативті-құқықтық актінің әрқайсысы бойынша 15 сұрақтан.

Екінші бағдарлама «Б» корпусының B-5, C-4, C-5, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған келесі тесттерді қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi. Нормативті-құқықтық актінің әрқайсысы бойынша 15 сұрақтан.

Үшінші бағдарлама «Б» корпусының C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған келесі тесттерді қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi. Нормативті-құқықтық актінің әрқайсысы бойынша 15 сұрақтан.

Тестілеудің шекті мәні бірінші бағдарлама бойынша әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды, ал екінші және үшінші бағдарламалар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды. Логикалық және мемлекеттік тілді бiлуге арналған тесттер бойынша шекті мән белгіленбейді.

Тестілеуге қатысу үшін «Б» корпусына үміткерлер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына, сондай-ақ департаментке жүгіну жолымен өтініш тапсыра алады.

«Б» корпусына үміткер тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.

Шекті мәннен төмен емес тестілеу нәтижесін алған үміткерге тестілеу өткендігі туралы сертификат беріледі. Сертификаттың жарамды мерзімі 1 жылды құрайды.

Тестілеудің бірінші бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына, ал екінші бағдарлама бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің санаттарына жарамды.

Бұл жерде осы бұйрық күшіне енгенге дейін, яғни бұрыңғы бағдарлама бойынша алынған сертификаттар оны алған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде жарамды болатындығын айта кету керек.

Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Алайда, қазіргі қолданыстағы тест бағдарламасы бойынша шектi мәннен төмен баға алған үміткерлер 3 ай мерзімді күтпей, жаңа бағдарламалар күшіне енген соң ол бойынша тестіні қайта тапсыра алады.

Келесі сатыда, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялағанда, қолдарында тест өткен сертификаты бар, біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлер ғана қатыса алады.

Сол сертификат басқа құжаттармен қоса бос лауазымға конкурсқа қатысу кезінде бірге тапсырады.

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті