Бөкей ордасы ауданының 

 аумақтық сайлау

комиссиясы

ҚАУЛЫ

 

090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы,

Сайқын ауылы,  Ы.Берғалиев көшесі, 18

тел. 8(71140) 21292; тел/факс: 8(71140)21292

Бокейординская

районная  избирательная

комиссия 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

090200, ЗКО, Бокейординский район,

село Сайхин, ул. Ы.Бергалиева, 18

тел. 8(71140) 21292; тел/факс: 8(71140)21292

                                      

4 қараша  2019 жыл №  2

 

2019 жылғы  5 желтоқсанға  Бөкей ордасы ауданы

Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңындағы 36-1 бабының 2-тармағына және 10 тармағына сәйкес аудандық сайлау  комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бөкей ордасы ауданы Сайқын  ауылдық округі әкімін сайлау күні 2019 жылдың 5 желтоқсанына тағайындалсын.

2. Мынандай мерзімге белгіленсін:

1) Әкімдікке кандидаттарды ұсыну – 2019 жылдың 5 қарашасынан бастап 10 қарашасына дейін.

2) Әкімдікке кандидаттарды тіркеу – 2019 жылдың 5 қарашасынан бастап 20 қарашасына дейін.

3. Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімін сайлау күні 2019 жылғы 5 желтоқсанға белгіленген сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 және 36-1 баптарына сәйкес сайлау іс – шаралары өткізілсін.

5. Осы қаулы Бөкей ордасы ауданының әкіміне, Бөкей ордасы аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.

6. Осы қаулы аудандық «Орда жұлдызы» газетіне жариялансын.

 

Аудандық сайлау

комиссиясы төрағасының м.а.:                                Б.Лұқпанов

 

Аудандық сайлау комиссиясының

2019 жылғы 4 қарашадағы №2

қаулысына №1қосымша 

 

Бөкей ордасы ауданы әкімі Н.С.Рахымжановтың Сайқын ауылдық округ әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну мақсатында  жергілікті қоғамдастықпен өткізетін кеңес - кездесу  кестесі

Кездесу  өтетін ауылдық округтің атауы

Күні мен уақыты

Өтетін орыны

1

Сайқын

05.11.2019 ж. сағ. 11.00

Аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залы