ҚАУЛЫ

 

2013 жылдың 7 тамызына Бөкей ордасы ауданы

ауылдық округтері  әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары,  ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 555 Жарлығына сәйкес Бөкей ордасы аудандық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бөкей ордасы ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы   2013 жылдың 7 тамызы күніне белгіленсін. 

2. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну  - 2013 жылдың 8-12 шілде аралығы,

     Әкімдікке кандидаттарды тіркеу - 2013 жылдың 8-22 шілде аралығы мерзімдерінде белгіленсін.

3. 2013 жылдың 7 тамызына белгіленген Бөкей ордасы ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі   іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін. 

4. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы  және Қазақстан Республикасы  Президентiнiң 2013 жылғы  24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары,  ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін  кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату  Қағидаларына» талаптарына сәйкес өткізілсін.

5. Осы қаулы Бөкей ордасы ауданының әкіміне, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты хатшысына жолдансын.

6. Осы қаулы аудандық «Орда жұлдызы» газетінде жариялансын.

                

Комиссия төрағасы                               М.Махимов

 

Сайқын ауылы  

1 шілде  2013 ж.                     

№   1