ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

  БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНДЫҚ

  САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

ШЕШІМІ

 

Сайқын ауылы

 

18 шілде 2016 жыл, №5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАНБОКЕЙОРДИНСКАЯ РАЙОННАЯ

ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ

РЕШЕНИЕ

  

с. Сайхин

Бөкей ордасы ауданының мерзімінен

бұрын шығып қалған ауылдық округтері

әкімдерінің орнына сайлау тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары,  ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы аудыны әкімінің 2016 жылғы 18 шілдедегі №468  хатына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Бөкей ордасы ауданы бойынша мерзімінен бұрын шығып қалған ауылдық округтері әкімдерінің орнына сайлауын  өткізу 2016 жылдың 25  тамызы күніне белгіленсін. 

2. Мына мерзімдері белгіленсін:

1) Әкімдікке кандидаттарды ұсыну  - 2016 жылдың 25 шілдеден 29 шілдеге дейін;

2) Әкімдікке кандидаттарды тіркеу - 2016 жылдың 25 шілдеден 5 тамызға дейін.

3. Бөкей ордасы ауданы бойынша мерзімінен бұрын шығып қалған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі   іс-шаралардың күнтізбелік жоспары 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 

4. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына  және Қазақстан Республикасы  Президентiнiң 2013 жылғы  24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары,  ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін  кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату  Қағидаларына» сай жүргізілсін.

5. Осы шешім Бөкей ордасы ауданының әкіміне және Бөкей ордасы аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.

6. Осы шешім аудандық БАҚ-нда жариялансын.

         

Аудандық сайлау

 

комиссиясының төрайымы                                Л.Кайргалиева