Бөкей ордасы аудандық телекоммуникациялар торабының бастығы З.М.Аймурзин 2006 жылдан бері басқарып келеді. Аудандық «Қазақтелеком» телекоммуникация торабы компания қаражатына Сайқын ауылындағы Т.Масин көшесіндегі 5 үйді «М.Насимуллин» шаруа қожалығы жұмысшылары арқылы күрделі жөндеуден өткізіп, 2005 жылы 5 қараша айында жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа Skai Star Халықаралық коммутаторы қондырылып, жаңа өзі тұтанатын дизель генераторы іске қосылды. Сондай-ақ жаңа радиоұзартқыштар орнатылып, интернет кабина ашылды. Аудан орталығында 500 м жерасты кабельдері салынса, елді-мекендерге темір-бетон пасынкалар орнатылды. Қазіргі уақытта 1731 нүкте жұмыс істейді. Аудандық «Қазақтелеком» телекоммуникация торабында 36 адам қызмет істейді. 7 ауылдық округтердегі филиалдарында «ДАМА» құрылғысы қондырылып, аудан бойынша толықтай сандық АТС қойылуы арқылы сапалы байланыс орнатылған.