Бөкей ордасы аудандық пошта байланыс торабының бастығы Мұқанова Гүлнар Бақытқызы. Аудандық пошта байланыс торабы 2007 жылдың ақпан айынан бастап жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бұл Кеңес дәуірі кезінде құрылысы бітпей қалған Халықтық банкінің ғимараты. «Насимуллин» шаруа қожалығы 2006 жылдың қыркүйек айында сол ғимараттың құрылысына жарияланған тендерді ұтып алып, өте қысқа мерзімде және сапалы түрде табыстады. Бұл құрылыс жұмыстарына 14 млн. теңге қаражат жұмсалды. Пошта байланыс торабы 2005 жылдың облыстық қорытындысы бойынша І-орынды алған болса, ал 2006 жылдың қорытындысы бойынша ІІ-орын иемденіп отыр. Аудандық пошта байланысы саласында 27 адам жұмыс істейді, оның 6 ауылдық округтердегі бөлімшелерде халыққа қызмет көрсетіп келеді. Халық саны 3 мыңнан асатын Орда және Бисен ауылдық округтерінде 2007 жылы жаңадан пошта байланыс торабының ғимараты салынады деп жоспарлануда.