Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты

АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖАЗБА

2015 жылы Бөкей ордасы ауданы жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 37719 қызмет көрсетілген, соның: 35931 немесе 95,2 % мемлекеттік органмен тікелей қағаз түрінде, 136 (0,4%) электрондық нысанда (ЭҮП арқылы - 84, «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы - 52),   1652 (4,4%)  ХҚКО арқылы ұсынылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері бойынша аудандық «Орда жұлдызы» газетінде мақалалар жариялау жоспары жасақталып, «Мансап пен міндет» айдары ашылды. Аталған жоспары-кестеге сәйкес 2015 жылы аудандық жергілікті атқарушы органдары тарапынан 10 мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға байланысты аудан әкімі аппаратымен 3 семинар-кеңес өткізілді.

Есептік мерзімде қызмет көрсету сапасына қатысты  шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылуының 2 фактісі орын алды.  Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» қызметі бойынша қызмет көрсету мерзімі 23 күнге, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша қызмет көрсету мерзімі 3 күнге кешіктірілген.