2016 жылы Бөкей ордасы ауданы жергілікті атқарушы органдарымен (9 дербес бөлімдермен, 7 ауылдық округтері әкімдері аппараттарымен және «Бөкей ордасы аудандық ветеринариялық станциясы» кәсіпорынымен) барлығы 16998 қызмет көрсетілген, соның: 10015-і немесе 59%  мемлекеттік органмен тікелей қағаз түрінде, 5424-і (32%) электрондық нысанда, 1559-ы (9%)  Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылған.

Қызмет көрсету сапасына қатысты  шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылуының 4 фактісі орын алды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызметі бойынша 3 қызмет кешіктірліп көрсетілген. Бұл орындаушы жауапты маманның уақытылы өңдеу жасамағандығынан болғаны анықталды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзімінің бұзылуына жол берген үшін жауапты маманға тәртіптік жаза қолданылды.

Анықтама үшін: Бұл жерде қызмет алушылардың құқықтары бұзылған жоқ, себебі олардың техникалары Бөкей ордасы ауданының аумағында тіркелмеген. Өтініш берушілердің тұрғылықты мекенжайлары: А.П.Ткач - Алматы қаласы, Алмалы ауданы, «Ависо» ЖШС - Алматы қаласы, Алмалы ауданы, А.Ф.Гасанов - Алматы қаласы, Алатау ауданы.

Аудандық жер қатынастары бөлімінде «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі техникалық ақауларға байланысты 1 күнге кешіктірілген (Мемлекеттік корпорациясымен жасалған техникалық актісі бар).

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының 2016 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 3 мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

19.04.2016 ж. күні Бөкей ордасы ауданы әкімі Н.С.Рахымжановтың төрағалық етуімен аудан әкімдігінде мәжіліс өткізіліп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Бөкей ордасы ауданы жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында 2016 жылдың қараша және желтоқсан айларына іс-шаралар жоспарын бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес 6 семинар, 2 дөңгелек үстел өткізілді.

2016 жылдың 28 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас дағдылары» тақырыбында біліктілігін арттыру курстары өтіп, 19 маманға сертификаттар берілді.

Барлық қызмет беруші жергілікті атқарушы органдары ғимараттарының дәліздерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары халық назарына көрнекі тақталарға ілінген. Сонымен қатар Бөкей ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (www.bokeyorda-bko.gov.kz) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Орда жұлдызы» газеті редакциясымен келісе отырып, қызмет көрсететін мекемелердің газетке мақала беру кестесі бекітілді. 2016 жылы 10 мақала жарияланды.