Жеке пікір

Жалпы, мемлекеттік қызмет саласындағы ең маңызды мәселе - бұл персоналдың жетік білімді әрі білікті болуы деп есептеймін. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

Аттестаттаудан өту арқылы өзімнің  кәсіби даярлық деңгейімді, жүктелген лауазымдық міндеттерімді уақтылы және сапалы, тиісті деңгейде орындау қабілетімді айқындадым. Сонымен қатар жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша өзімнің әлді жақтарыммен қызмет барысында дамытуды қажет ететін тұстарымды да анықтадым.

Осындай аттестаттаудан өту арқылы әрбір мемлекеттік қызметкер болашақта өзінің бойындағы қабілетін айқындай отырып, білімі мен біліктілігін дамыту үшін жұмыс жайды деп ойлаймын.

 

Бөкей ордасы ауданының ТҮКШ, ЖК АЖ бөлімі

Б.Насимуллин


Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімінің басшысы Н.Ғ.Құсайыновтың мемлекеттік қызметшілердің аттестаттаудан өтуіне қатысты жеке пікірі

Ел Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» атты бірінші бөлімінде іс басындағы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу көзделгені белгілі. Мен де ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ауданымыздағы басқа әріптестеріммен бірге аттестатталдым. Атап айтқанда, 16 ақпан күні тестілеу сынағын тапсырып, 3 наурыз күні облыстық екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясынан әңгімелесуден өттім. Нәтижесінде «атқарып отырған лауазымына сәйкес» деген баға алдым.  Осы аттестаттауда тестілеу сынағының бұрынғыша заңнаманы білу бағытында емес, ситуациялық сұрақтардан құралып, қызметшінің  құзыреттілігін  бағалауға бағытталғаны жаңаша болды. Әңгімелесуге дайындалу барысында мемлекетіміздің стратегиялық жолын айқындайтын құжаттар мен өз қызмет саламдағы мемлекеттік бағдарламаларды қайталап оқу кәсіби біліктілігімді   арттыруға септігін тигізді деп санаймын. Осы орайда, аттестаттау мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін, біліктілігін және тұлғалық қасиеттерін анықтау мақсатын орындады деп айтуға болады.


ЖЕКЕ ПІКІР

Елбасы өзінің «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерінің білімі мен біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілеті, қызмет ету деңгейі жоғары дәрежеде болуды мақсат етіп, оларды деңгей-деңгеймен аттестациядан өтуді талап етті.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізу жоспарына сай 2017 жылдың 16 ақпан күні аттестациядан, 3 наурыз күні  әңгімелесуден өттім. Осындай сынның мемлекеттік қызметшілерді ширатып, жауапкершілікті арттыра түсетініне сенімдімін.

Қазіргідей ел дамуы ерекше қарқын алу кезеңінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жиһандық, бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «100 нақты қадам» стратегиясына сәйкес қызмет атқару үшін әр маман биік деңгейдегі талаптарға сай болуы тиіс, сондықтан мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан өтуі аса маңызды деп есептеймін.

 

Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Қ.Айтқалиев