Бөкей ордасы ауданының                                                  Территориальная

      аумақтық сайлау                                                 избирательная комиссия

          комиссиясы                                                         Бокейординского района

             ҚАУЛЫ                                                               ПОСТАНОВЛЕНИЕ

____________________________________________________________________

090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы,                                                  090200, ЗКО, Бокейординский район,

Сайқын ауылы,  Т.Жароков көшесі, 27                                                      село Сайхин, ул. Т.Жарокова, 27

 тел. 8(71140) 21400; тел/факс: 8(71140)21240                                      тел. 8(71140) 21400; тел/факс: 8(71140)21240

 

19  маусым  2017 жыл 1

 

2017 жылғы 7 тамызға  Бөкей ордасы ауданы

Бисен, Мұратсай, Темір Масин, Ұялы

ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау

туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 Конституциялық Заңына, Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидасына» сәйкес Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бөкей ордасы ауданы Бисен, Мұратсай, Темір Масин, Ұялы  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2017 жылғы 7 тамызға тағайындалсын.

2. Сайлау бойынша келесі мерзімдер белгіленсін:

Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2017 жылғы 8-13 шілде аралығында жүргізілсін.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну бойынша жергілікті қауымдастықпен консультация №1 қосымшаға сәйкес өткізілсін.

Кандидаттарды тіркеу 2017 жылғы 23 шілдеге дейінгі мерзімде жүзеге асырылсын.

3. Бөкей ордасы ауданы Бисен, Мұратсай, Темір Масин, Ұялы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары бекітілсін.

4. Осы қаулы Бөкей ордасы ауданының әкімі мен Бөкей ордасы аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.

5. Осы қаулы аудандық «Орда жұлдызы» газетінде жариялансын.

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                             Л.Қайырғалиева