Бөкей ордасы ауданының                                         Бокейординская

            аумақтық сайлау                                               районная  избирательная

комиссиясы                                                         комиссия

                  ҚАУЛЫ                                                      ПОСТАНОВЛЕНИЕ

____________________________________________________________________

        090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы,                                                       090200, ЗКО, Бокейординский район,

       Сайқын ауылы,  Т.Жароков көшесі, 27                                                      село Сайхин, ул. Т.Жарокова, 27

 тел. 8(71140) 21400; тел/факс: 8(71140)21240                                      тел. 8(71140) 21400; тел/факс: 8(71140)21240

          

6  маусым  2018 жыл №  1

 

2018 жылғы  11 шілдеге  Бөкей ордасы ауданы

Бисен ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңындағы 36-1 бабының   2-тармағына және 10 тармағына сәйкес аудандық сайлау  комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бөкей ордасы  ауданы Бисен  ауылдық округі әкімін сайлау күнін 11 шілде 2018 жылға тағайындалсын.
  2. Мынандай мерзімге белгіленсін:
    1. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну – 2018 жылдың 11 маусымынан бастап 16 маусымға дейін.
    2. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу – 2018 жылдың 12 маусымынан басталып 26 маусымға дейін.
  3. Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округі әкімін сайлау күні 11 шілде 2018 жылға белгіленген сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 36 және 36-1 баптарына сәйкес сайлау іс – шаралары өткізілсін.
  5. Осы қаулы Бөкей ордасы ауданының әкіміне, Бөкей ордасы  аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
  6. Осы қаулы аудандық «Орда жұлдызы» газетіне жариялансын.

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрайымы:                                 Л.Қайырғалиева

 

Аудандық сайлау комиссиясының

2018 жылғы 6 маусымдағы №1

қаулысына №1қосымша

Бөкей ордасы ауданы әкімі Н.С.Рахымжановтың  ауылдық округ әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну мақсатында  жергілікті қоғамдастықпен өткізетін

кеңес - кездесулер  кестесі

Кездесу  өтетін ауылдық округтің атауы Күні мен уақыты Өтетін орыны
1 Бисен 11.06.2018 ж. сағ. 15.00 Ауылдық мәдениет үйі

 

Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей ордасы аудандық  сайлау комиссиясының құрамы

Тегі, аты, әкесінің аты

 

Комиссия құрамындағы лауазымы

Жұмыс орны,

 қызметі

1 Қайырғалиева Лариса Тельманқызы комиссия төрайымы Аудан әкімінің орынбасары
2 Лұкпанов Болат төрайымның орынбасары зейнеткер
3 Нұрғалиев Уағиолла Ғазезұлы хатшы аудандық мектептен тыс тәрбие орталығының директоры
4 Жұмабекұлы Бекбол комиссия мүшесі Аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы
5 Билялов Самиғолла комиссия мүшесі зейнеткер
6 Лұқпанов Бағдат Сейтуұлы комиссия мүшесі «Бөкей ордасы аудандық колледжі» МКҚК-ың директоры
7 Құсайынов Нұрқайыр Ғайноллаұлы комиссия мүшесі Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы