2009 жылдың алғашқы 9 айында тұрақты жұмыс орындарына 236 адам орналастырылды, оның ішінде 78 адам -ауылшаруашылығы саласына, 19 адам- сауда, 65 адам- білім және денсаулық саласына, құрылыс және коммуналдық шаруашылыққа- 14, басқа да салалар бойынша 60 адам.  Осы кезеңде  41 адам қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарына жіберілді, ақылы қоғамдық жұмысқа 374 адам тартылды.  Бүгінгі күні жұмыссыз ретінде 85 адам тіркелген. Әлеуметтік жұмыс орындарында  41 адам жұмыс істеуде.

  Елбасы биылғы Жолдауында - «Бізде еңбек рыногын дамыту үшін мүмкіндіктер бар, халыќты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заң бізге бюджет қаражатын осы мақсатқа пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің бүгінгі міндетіміз - қазіргі бар бағдарламалардың аясын кеңейту» деген болатын.

 2009 жылы жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында  «Жол картасы» бағдарламасы аясында  15 кәсіпорынмен  келісім - шарттар жасалып, 98 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, осы мақсатқа жыл соңына дейін жұмсалуы жоспарланып отырған  8 млн 64 мың теңге қаржының 4 млн 705 мың тенгесі игеріліп отыр. Осы бағдарлама бойынша жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Жастар тәжірибесіне» жыл бойына 5 млн 669 мың теңге қарастырылып отырса, есепті кезеңде 2 млн 812 мың теңге игеріліп, 72 жас маман 48 мекеме, ұйымдарға жұмысқа жолданды, осы 72 адамның 10-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды, 62-сі «Жастар практикасы» аясында тәлімнен өтуде.   Сонымен қатар «Жол картасы» бағдарламасы аясында аудан бойынша жұмыстар атқарылып жатырған объектілерде, Шоңай ауылын орталықтандырылған электр желісіне қосу жұмыстарында -25 адам, Ұялы ауылында Ш.Жексенбаев атындағы мектепті күрделі жөндеуде - 10 адам, аудан автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарында- 124 адам жұмыс орынымен қамтылды.

  Сонымен қатар Жолдауда Үкіметке әкімдермен бірлесіп қазіргі бар оқу орындарының базасында мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыруды тапсырылған болатын және «Біздің адамдарымыз оқып-үйренуге тиіс, бүкіл әлемде адамдар өмір бойы оқумен өтеді. Мына жағдайда қайта оқуға, сөйтіп бүгін қажет болып отырған мамандықты игеруге мүмкіндік те бар, қажеттілік те бар» деп көрсетілген еді.

  Аудан бойынша №18 кәсіптік лицей базасында кәсіби оқу және қайта даярлауға 44 адам жолданып, соның ішінде 25-і компьютер операторы, 15 адам трактор жүргізушісі курсына оқытылып жатыр.  Сонымен қатар 2 адам- «Энергетик» оқу орталығына, 1 адам- «Әлім» оқу орталығында, 1 адам -Агроколледжге, облыс орталығына оқуға жолданды.

 Аудан бойынша бүгінгі күні аз қамтылған кедей отбасылар саны- 158, бұл отбасыларда  721 адам есепте  тұр.

Аз қамтылған немесе кедей отбасыларға берілетін көмек 2001 жылғы қабылданған «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы ҚР заныңа сай жүзеге асырылады. Биылғы жылы 9 ай ішінде 148 отбасындағы 623 адамға 9 млн 380 мың тенге қаражат жұмсалып отыр. Мемлекеттік балалар  жәрдемақысына  1084 отбасындағы 2569 балаға 25 млн 153 мың  тенге қаражат жұмсалды.

 Аудан бойынша І топта-61,ІІ топта- 205 мүгедек, ІІІ топта- 218 мүгедек, 16-жасқа дейін - 70 мүгедек есепте  тұрады. Аудан бойынша барлық топтағы мүгедектердің тізімі құрылып, компьютерлік база жасалды. Есептегі адамдардың барлығы  тиісті жәрдемақыларын алып отыр.

  Мүгедектерді оңалтудың  2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасына сай «Ақжайық» шипажайында 3 мүгедек ,

2 зейнеткер емделуден өтті.

Мүгедектерді сауықтыру мақсатында аудандық аурухана жанынан  3 палата жұмыс істейді.  Облыс орталығының  дәрігерлік эксперттік  комиссияның жолдамасымен І-ші топ мүгедектеріне 2 қол арба берілді. Атап айтқанда,  Саралжындық Сердалиев Мейрамбекке және   Бисендік Ибраемов Арматқа мүгедектік қол арбалар табыс  етілді. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қозғалуға қиналатын    І-топтың мүгедектеріне жыл сайын жеке көмекші тағайындалады , биылғы жылы  7 жеке көмекші  алынып жұмыс істеп жатыр.

„ ЖШС Жас Орал и К" фирмасымен келісім шарт  жасалып,  биылғы жылы 562,0 мың теңге  қаржы аударылып мүгедектерге  гигиеналық құралдар   алынды.

2009 жылдың жарты  жыл  ішінде 41 мүгедек  кемтар балаларға  8 әлеуметтік қызметкерлер  әлеуметтік көмек көрсетуде, сонымен қатар үйден әлеуметтік көмек көрсету  бөлімшесінде 57 жалғыз  басты кариялар мен мүгедектер есепте тұрады, осы адамдарға  11 әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетіп отыр.

  Ұлы  Жеңістің 64 жылдығы құрметіне ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға  жергілікті бюджеттен 1 млн 331 мың 500 теңге көлемінде қаржы бөлініп, біржолғы көмек берілді.

  Аудан бойынша  мүгедектерді кәсіптік оңалту бағдарламасына сай 2009   жыл  ішінде  3 мүгедек адам  тұрақты, 1 мүгедек адам  уақытша жұмысқа  орналасты  және осымен қатар 5 мүгедек адам  ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды

Мүгедектерді оңалту бағдарламасына  байланысты алынған іс-шараларына сай  мүгедектерді кәсіптік дайындау және қайта даярлау , жұмысқа  орналастыруға  жәрдемдесуге, кәсіптік  денгейін артыруға 2009 жылы 50 мың тенге жоспарланды. Осы жоспарға  сәйкес Сайқын  ауыл округінен бала кезден мүгедек Ж.Рахмушева  ЭЕМ операторы  оқуын  бітіріп шықты. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 11 қазандағы № 212 қаулысымен  26 мекемеге мүгедек адамдарға 49 орынға квота белгіледі. Бұрыннан жұмыс жасайтын  мүгедектер саны- 60 адам.