Аудандық білім беру жүйесі еліміздегі білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай жұмыс істеуде. Аудан бойынша 22 мектеп бар, соның ішінде 9 орта,3 мектеп-балабақша, 13 бастауыш мектеп, 4 балабақша, 1 саз мектебі, 1 спорт мектебі, балалар шығармашылығы және туризм-экология орталығы, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін түзеу кабинеті жұмыс жасайды, барлық оқушы саны-3285.

  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы Жолдауында берілген тапсырмасына сай «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша, Сайқын ауылында 600 орындық жаңа мектеп ғимараты салынып, оған Мүхамед-Салық Бабажанов аты берілді. 2009 жылдың 9 ақпанында аудан орталығында осы жаңа мектептің ашылу салтанатында облыстық білім басқармасының бастығы С.Е.Бисембаева мектеп директоры А.Аманғалиевке мектептің кілтін табыс етті.

  Аудан бойынша 2009 жылы 4 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізілді.  Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 7 млн 279 мың теңге, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 5 млн теңге қаражат қаралды, бұған қосымша жергілікті бюджеттен 4 млн 379 мың теңге қаржы бөлінді. Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББМ- балабақшаның балабақша ғимаратын күрделі жөндеуге 13 млн 583 мың теңге қаражат бөлінді, қосымша 4 млн 503 мың теңге бөлінді. М.Маметова атындағы ЖОББМ ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 26 млн теңге бөлінді. Б.Жанекешев атындағы ЖОББМ ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 16 млн 27 мың теңге бөлінді. Аталған объектілерде жұмыстар  белгіленген мерзімде аяқталды.  

 Білім ошақтарына 2009-2010 оқу жылына сұйық отын қажеттілігі- 516 тонна, 100 пайыз қамтылып отыр.

Білім мекемелеріне биылғы жылыту маусымына 246 тонна қатты отын сатып алуға жоспарланып, 100 пайыз орындалып отыр.

Биылғы 2008-2009 оқу жылын аудан мектептерінде 3433 оқушы аяқтады, 525 оқу озаттары, 908 оқу екпінділері. Білім сапасы 43,5 пайыз құрап отыр. Биылғы жылы да  жылдағыдай, ауданымыз үшін ҰБТ 6 маусымда Жәнібек ауылында өткізілді. Оған аудан бойынша 278 түлектін 212 қатынасты, яғни ҰБТ- ға қатысу пайызы 76,2. Тестінің нәтижесі бойынша ауданның жалпы орташа көрсеткіші 74,94 балл болды, былтыр бұл көрсеткіш 65,9 болған, яғни 9,04 пайызға көтерілген. Аудан бойынша ең жоғары балл 110 болса, ең төмен 37 балл. Биылғы тестілеуде 100 балдан асқан 8 оқушы  болды.

  №18 кәсіптік лицей аудан бойынша 9-11 сыныпты бітіріп келген оқушыларға кәсіптік білім беретін оқу орыны,  мұнда 26 оқытушы-маман қызмет жасайды, ауылшаруашылық шебері, тігінші, ЭЕМ операторы мамандықтары оқытылады. Биылғы жылы кәсіптік мектепті 62 оқушы бітіріп отыр. Оқу орынының оқу-материалдық базасы жоғары деңгейде, жүйелі түрде толықтырылып отырылады, атап айтқанда бірінші жартыжылдықта жаңадан 1 интерактивті тақта, 13 компьютер, 1 принтер сатып алынды.