Аудан бойынша дәрігерлер саны - 26, орта буын қызметкерлері - 132. 2009 жылы

7 дәрігер, 15 орта буын қызметкерлері білімдерін толықтырып, 3 орта буын қызметкерлері жоғары және бірінші дәрежеге ие болды. Жыл басынан бері 9 дәрігер, 20 орта буын медицина қызметкерлері білімдерін жетілдіру курстарынан өтті. 2 дәрігер «Жол картасы» бағдарламасы аясында Ақтөбе медициналық академиясына қосымша мамандық алуға оқытылуға жолданды.

 Биылғы жылы Батыс Қазақстан медколледжін бітірген 5 жас маман жұмысқа қабылданып, көтерме жәрдемақы алуға құжаттарын тапсырып отыр. 

Аудан тұрғындары жоспарға сәйкес алдын - ала медициналық тексерістен өткізіліп отыр. 2009 жылы аудан денсаулық мекемелерін  құрал-жабдықтармен қамтуда, жаңадан  1-монитор,1- микроскоп, 1- отоскоп, 3- тоңазытқыш, 8- балалар керуеті, 2- оташы үстелі, 3- теледидар, 5- компьютер үстелі алынып, барлығы 1 074 556 теңге қаржы жұмсалған.

2009 жылы Саралжын дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізілді, от жағу жүйесі су қазандықтарына қосылды. Аудандық аурухана мен Мұратсай дәрігерлік амбулаториясының жылыту жүйесі  биылғы маусымда газге қосылғалы отыр. 2010 жылға аудандық ауруханаға, Бөрлі дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізу және Орда дәрігерлік амбулаториясының жылыту жүйесін газге қосу жоспарланып, жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда.