Сайқын ауылы                                                                                                                               13 сәуір  2018 жыл

сағ:11.00

 

Жиналыс төрағасы: М.С.Аккалиев- Сайқын ауылдық округінің әкімі.

Жиналыс хатшысы: Л.Е.Анесова- Сайқын а/о  әкімі аппаратының жетекші маманы.

Жиналысқа қатысқандар: Сайқын ауылдық округі әкімі М.Аккалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы- И.Машутов, Сайқын ауылдық округі әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Кадешов, «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Т.Арстанбеков, БАҚ өкілі- Каримолла Гайсин, ауыл ақсақалдары, Бөкей ордасының құрметті азаматтары- Қойшыбаев Чарлиз, Хайруллин Сақтар, Кенжегалиев Елдос, «Ару ана» әжелер ансамбілінің жетекшісі, Бөкей ордасының құрметті азаматы- Шакира Ишангалиева және ауылдық округі маслихат депутаттары.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

1. «Сайқын ауылының бас жоспарына» сай, жаңа жер учаскелеріне тұрғын үйлер салу жоспарына байланысты  5У  жаңа көшесіне  және «Подстанция» көшесіне жаңа атау беру.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Округ әкімі М.Аққалиев еліміздегі ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, сондай-ақ объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне кісі есімдерін беруді түбегейлі шектеу жөнінде жиынға қатысушыларға таныстырып өтті. Сонымен қатар жиынға қатысушыларға екі мәселені талқыға қойды. Ол: Сайқын ауылының 5У жаңа  көшесіне және «Подстанция» көшесіне қайта атау  беру.

 

Сөйлеушілер:

1. Сайқын ауылының тұрғыны, Бөкей ордасы аудандық мұрағат бөлімінің басшысы Қ.Елемесов «Подстанция» көшесіне ұлттық мүддеге сай келетін, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, жалғыз қазақ ұшқыш қызы, екінші дүниежүзілік майданының штурманы- Хиуаз Доспанованың есімін беру керек деп ұсынамын.

Хиуаз Қайырқызы 1922 жылдың 15 мамырында бұрынғы Гурьев облысының Ганюшкино селосында дүниеге келген. 1940 жылы Орал қаласындағы № 1 мектепті Алтын белгімен бітіріп, аттестатпен бірге жергілікті аэроклубтың запастағы ұшқышы деген куәлікті бірге алады. Жуковский атындағы Әскери әуе академиясынан қарсылық көрген Хиуаз Мәскеу медицина институтына дәрігерлікке оқуға түседі. 1941 жылы Марина Раскованың бастамасымен әуе ұрыстарына қатысу үшін әйелдердің авиациялық полкі құрылып, оған Хиуаз Доспанова да запастағы ұшқыш ретінде қабылданады. Осыдан кейін ғана Жуковский атындағы Академияның штурман классында оқуға мүмкіндік алады. 1942 жылдың көктемінде академия түлектеріне алғашқы жауынгерлік тапсырма беріледі. Осылайша әуе күштерінің әлемдік тарихындағы тұңғыш әйелдер полкі құрылды. Хиуаз Қайырқызы 588-ші түнгі бомбалаушы авиаполкке штурман-атқыш болып алынады. Оңтүстік майданда, Кавказ маңында, Солтүстік Кавказда, Украина мен Беларусьте жауынгерлік тапсырмалар орындады.[1] Ұшқыш штурман Хиуаз Доспанова 300 ден астам ұрыстық ұшуларын жасады. Жарақаттарының ауырлығынан ол өздігінен ұшаққа отырып, не түсе алмайтын жағдайға ұшырады. Сондықтан ол көп уақытын ұшақта өткізеді. Ол туралы өзі былай деген: «Тамақ ішкім келгенде, не ұшақтан түсу керек болғанда мені полк қыздары түсіріп алатын. Бізді фашистер «түнгі мыстандар» (ночными ведьмами) деп атады. Ең қорқынышты сәт – ұшақпен түнде прожектор сәулесіне түсу». Соғыстан Х.Доспанова ІІ топтағы мүгедек болып оралды, соған қарамастан елдің қоғамдық өміріне белсене араласты. Батыс Қазақстанда аудандық партия комитетінің нұсқаушылығынан Қазақстан ЛКЖО Орталық кеңесінің хатшылығына дейінгі қызмет жолдарынан өтті. 1951 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Президиум хатшысы болып сайланды. Зейнетке шыққанға дейін Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы болып қызмет жасады.

Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендеріне және «Кавказды қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарына, басқа да жауынгерлік марапаттарға ие болды. Батыр қыз екі рет ауыр жарақатталды, сонда да майданға қайта оралып, Берлинде Жеңіс күнін гвардияның аға лейтенанты шенімен қарсы алды. Қазақтың батыр қызы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы, Хиуаз Қайырқызы  2008 жылы 20 мамырда дүние салды. Айта берсе халық қаһарманының ғаламат ерліктері талай туындыға арқау болатыны талас тудырмасы анық.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова біздің жүрегімізде аты аңызға айналған ұшқыш, батыр қыз ретінде мәңгі сақталады.

2.Сайқын ауылдық округі әкімі М.С.Аккалиев 5У (52 бір пәтерлік үй, ұзындығы -2780 м.) жаңа көшесіне «Астана» деп атауды ұсынамын. Себебі биылғы 2018 жыл еліміздің бас қаласы Астана қаласына 20 жыл толмақ.

3.Ауыл ардагері, Бөкей ордасының құрметті азаматы Хайруллин Сақтар 5У көшесіне Жерлесіміз Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Х1 шақырылымының депутаты Шарафеддинов Шынабайды ұсынамын. Орда ауданының тумасы 1939 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын Балқұдық совхозында механизатор болып бастаған. 1960-65 жылдары Алматы мәлдерігерлік институтының «Ғалым зоотехник» мамандығын алып, Казталовка ауданының шаруашылықтарында бас зоотехник кейін Казталовка аудандық Советі атқару комитеті председателінің орынбасары, аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы болып қызмет атқарған. 1980 жылы ол партиялық жұмысқа ауысып облыстық партия комитетінде ауылшаруашылық және өнеркәсібі бөлімі меңгерушісмінің орныбасары болады. 1984 жылдың тамыз айында халық депутаттары Орда аудандық Советі атқару комитетінің председательдігінде сайланды. 1985 жылы Жәнібек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. Осы жылдары ауыл шаруашылығын дамыту, халықтың әлеуметтік—ұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында көптеген игілікті істер тындырды. 1988-89 жылдары алғашқы құрылған Табиғатты қорғау жөніндегі Орал облыстық комитетінің тұңғыш төрағасы болды. 1990 жылы Облыстық партия комитетінің бақылау комиссиясының төрағасы қызметін атқарады.

Сайқын ауылдық округі әкімі М.С.Аккалиев:

-Басқа ұсыныс бар ма?

-Жоқ

-«5У» жаңа көшесіне «Шарафеддинов Шынайбай», атауын беруге дауыс береміз.

-5 адам дауыс берді.

-Жоқ

- «5У» көшесіне- «Астана» атауын беруге дауыс береміз

-Қалған көпшілік қатысушылар дауыс берді.

-Подстанция көшесіне- «Хиуаз Доспанова» атауын беруге дауыс береміз.

-Бірауыздан мақұлданды.

-Қарсы қалыс қалушылар жоқпа

-Жоқ

-Жоқ болса, «5У» көшесіне «Астана» атауын, «Подстанция» көшесіне- «Хиуаз Доспанова» атауынберу бірауыздан келісілді.

Күн тәртібіндегі  мәселені  тыңдай, талқылай келіп, төмендегідей шешім қабылдайды:

  1. 5У(52 бір пәтерлік үй, ұзындығы-2780м.) көшесін- «Астана» көшесі;
  2. «Подстанция» көшесін- «Хиуаз Доспанова» көшесі деп қайта атауы берілсін.

 

Жиналыс төрағасы                                       М.Аккалиев

Жиналыс хатшысы                                       Л.Анесова