Жоба

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 21 маусымдағы №108    

«Бөкей ордасы ауданында ауыр жұмыстарды,

еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындары

санын есептемегенде мүгедектер үшін жұмыс

орындарына квота белгілеу туралы»

қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер
туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2016 жылғы 21 маусымдағы  №108 «Бөкей ордасы ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындары санын есептемегенде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Бөкей ордасы ауданы әкімдігі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4482 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Ж.Айтқалиевқа жүктелсін.

 

Аудан әкімі                                                                   Н.Рахымжанов