ЖОБА

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№____                                                                               «___»_________ 20__ жыл 

 

 

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына 

квота белгілеу туралы 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiленсін.

2. «Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен белгіленген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына жіберу жөнінде шараларды алсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

 

 

Аудан әкімі                                                      Н.Сабиров