ЖОБА

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№____                                                                               «___»_________ 20__ жыл 

 

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

және қаржыландыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 сәуірдегі №28-2 «Бөкей ордасы   ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне сәйкес және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша,  аудан әкiмдiгiҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Бөкей ордасы ауданында қоғамдық жұмыстар жұмыссыздарға әдейi арналған уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылсын.

2. Қоса беріліп отырған Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландандыру көздерi бекiтiлсiн және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

3. «Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

4. Аудан әкімдігінің «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы» 2010 жылғы 19 ақпандағы №24 қаулысының (Нормативтік  құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-4-104 тіркелген, 2010 жылғы 6-12 сәуірде  «Орда жұлдызы» газетінің №16-17 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

ҚОСЫМША

 

Аудан әкімі                                                      Н.Сабиров