Жоба

 

  

Аудандық коммуналдық мүлікті

мүліктік жалдауға (жалға алуға)

беруде жалға алу ақысының мөлшерін

есептеу қағидасын бекіту туралы 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруде жалға алу ақысының мөлшерін есептеу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Зұлқашевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

ҚОСЫМША

 

Аудан  әкімі                                                                     Н.Рахымжанов