Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы

елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы

білім беретін мектептерге тасымалдаудың

схемасы мен тәртібін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына сәйкес Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 12-қосымшаларына сәйкес Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн  мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбi бекiтiлсiн.

2. Осы қауылының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсін.

3. Қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша 

 

Аудан әкімі                                             Н.Рахымжанов