Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында, дербес бөлімдер мен ауылдық округтер аппараттарында 2017 жылдың 12 айы  бойынша қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне

ТАЛДАУ:

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15 -бабының, 10 - тармағына және аудан әкімі аппаратының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының құжаттарды қамтамасыз ету және қаржы – шаруашылық бөлімі, аудан әкімі аппаратына, дербес бөлімдер мен ауылдық округтер аппараттарына 2017 жылдың 12 айы  бойынша қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізді.

2017 жылы Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында, дербес бөлімдермен ауылдық округ әкімі аппаратында 1011 (988 - жеке, 23 - заңды тұлғалардан) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. Өтініштердің саны 2016 жылмен салыстырғанда 39,7 %-ға төмендеген (2016 жылы түскен 1678 арыз).

 

Соның ішінде өтініштің:

  • 337 ( 33,4% ) - аудан әкімі аппаратына
  • 26 (2,6% ) -бөлімдерге
  • 648 (64,0% ) – ауылдық округтерге келіп түсті

 

Жалпы 2017 жылда келесідей мәселелер бойынша өтініштер келіп түсті :

  • 141 жер қатынастары;
  • 484 еңбек қатынастары;
  • 102 тұрғын үй;
  • 75 құрылыс;
  • 22 құқық тәртібі;
  • 131 білім;
  • 17 экономика;
  • 12 көлік және коммуникация;
  • 18 ауыл шаруашылығы;
  • 9 басқа мәселелер.

 

Түскен өтініштерді негізгі түрлеріне сәйкес бөлетін болсақ:

  • 1011 - арыздар;

 

Келіп түскен өтініштердің 1007 мемлекеттік тілде, 4 орыс тілінде.

 

Өтінішерді қарау кезінде 2017 жылы Бөкей ордасы ауданы бойынша мерзімдері бұзылып қаралған өтініштер болған жоқ.

 

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратына 2017 жылы келіп түскен өтініштер бойынша ақпараты

 

Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппаратына 337 (326 - жеке, 11-заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде: арыз 337.

Түскен өтініштердің қанағаттандырылғаны –100, заңға сәйкес түсінік берілді - 237.

2017 жылдың көрсеткіштерін 2016 жылмен салыстырсақ, өтініштердің саны 5 % - ға төмендегені байқалады (2016 ж.– 354).

Өтініштердің басым бөлігі Бисен, Сайқын және Орда ауылдық округі тұрғындарынан келіп түскен.

 

Қала, аудандар, округтер

Саны

Қанағаттандырылды

Түсінік берілді

Сайқын а/о

69

30

39

Орда а/о

57

23

34

Мұратсай а/о

30

5

25

Бисен а/о

89

21

68

Т.Масин а/о

33

9

24

Саралжын а/о

18

5

13

Ұялы а/о

35

7

28

Орал қаласы

4

-

4

Алматы қаласы

1

-

1

Жәнібек ауданы

1

-

1

 

337

100

237

 

Келесідей мәселелер  бойынша өтініштер келіп түсті :

  • 33 жер қатынастары;
  • 122 еңбек қатынастары;
  • 80 тұрғын үй;
  • 25 құрылыс;
  • 8 құқық тәртібі;
  • 45 білім;
  • 5 экономика;
  • 6 көлік және коммуникация;
  • 8 ауыл шаруашылығы;
  • 5 басқа мәселелер.

 

2017 жыл бойынша мерзімі бұзылып орындалған өтініштер болмады және жоғары тұрған мемлекеттік мекемелерден бақылауға қойылған өтініштер бойынша ақпарат мерзімінде жолданды.

 

Ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерге 2017 жылы келіп түскен өтініштер бойынша ақпараты:

Ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерге 674 (662 - жеке, 12 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде: арыз 674.

Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 351 өтініш, заңға сәйкес түсінік берілді - 323.

Дербес бөлімдерге 26 (24 - жеке, 2 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде: арыз 26.

Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 12 өтініш, заңға сәйкес түсінік берілді - 14.

Ауылдық округ әкімі аппараттарына 648 (638 - жеке, 10 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде: арыз 648.

Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 339 өтініш, заңға сәйкес түсінік берілді - 309.

 

Округтер және бөлімдер

Саны

Қанағаттандырылды

Түсінік берілді

Сайқын а/о

215

185

30

Орда а/о

191

-

191

Мұратсай а/о

40

18

22

Бисен а/о

159

118

41

Т.Масин а/о

25

-

25

Саралжын а/о

-

-

-

Ұялы а/о

18

18

-

Білім беру бөлімі

12

12

-

Жер қатынастары бөлімі

-

-

-

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

-

-

-

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі

8

-

8

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

5

-

5

Кәсіпкерлік бөлімі

-

-

-

Ауыл шаруашылығы бөлімі

-

-

-

Экономика және қаржы бөлімі

-

-

-

Құрылыс бөлімі

-

-

-

Ішкі саясат бөлімі

-

-

-

Ветеринария бөлімі

1

-

1

 

674

351

323

 

 

2017 жыл бойынша азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарына талдау жүргізу:

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 - бабына сәйкес мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүргiзуге мiндеттi.

2017 жылы Бөкей ордасы ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы  165 азаматты жеке қабылдаған.

Ауылдық округ әкімдері ішінде азаматтарды қабылдаған Сайқын (39), Ұялы (10), Бисен (7), Мұратсай (7) ауылдарының әкімдері, дербес бөлім басшылары ішінде аудандық жұмыспен қамту бөлімі (5) және аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі (3) ал қалған ауылдық округтердің әкімдері мен дербес бөлімдердің басшыларының жеке қабылдауында азаматтар мүлдем болмаған.

Аудан әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары және ауылдық округі әкімдерінің қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 182 түсінік берілді, 54 – мәселе оң шешілді.

 

Жергілікті жерлерде азаматтарды қабылдау негізінен бірыңғай стандарт бойынша айына бір рет жүргізіледі.

Азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесуді жақсарту, сондай-ақ халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мақсатында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті аудан әкімдері, соның ішінде бөлім басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері азаматтарды кем дегенде аптасына бір рет қабылдаулары тиіс деген ұсынысты 2017 жылдың 17 тамызында № 2-20803-17-03015 хатымен жіберген болатын.

Осы айтылғандарды ескеріп, азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау графиктері қайта қаралып, барлық дербес бөлімдер мен ауылдық округтерде өзгерістер енгізілді. Бірақ осы бағытта жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмегендігі байқалады.

Осы мәселе бойынша дұрыс шешім қабылдау қажет екендігін қаперлеріңізге беремін.

 

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратындағы, дербес бөлімдер мен ауылдық округтер аппараттарындағы 2017 жылдың 12 айындағы мемлекеттік қызмет көрсетуі және 2017 жылдың 12 айындағы, 2018 жылдың 3 айындағы құжат айналымы бойынша талдау

2017 жылы Бөкей ордасы ауданы жергілікті атқарушы органдарымен 14 476 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтің көрсету сапасына қатысты  шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылуының 1 (бір) фактісі орын алды. Орда ауылдық округі әкімінің аппаратына 08.09.2017 ж. күні ХҚКО арқылы келген 1 (бір) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі (1-кезең) 5 күнге кешіктіріліп көрсетілген. Бұл орындаушы жауапты маманның уақытылы өңдеу жасамағандығынан болғаны анықталды (ХҚКО-нан келген құжаттар 18.09.2017 ж. күні қаралып, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне жолданған). Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзімінің бұзылуына жол берген үшін Орда ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманына тәртіптік жаза қолданылды.

Анықтама үшін:

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес:

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1-кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні;

2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес:

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1-кезең:

4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (15 (он бес) минут ішінде);

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатқа бұрыштама қояды және құжаттарды кеңсе қызметкері арқылы сәулет және қала құрылысы саласындағы бөлім кеңсесіне жолдайды (1 (бір) сағат ішінде);

 

2017 жылдың 12 айы бойы және 2018 жылдың 3 айы аудан әкімі аппаратына 9235 құжат кірістелді және 10479 шығысталды. Мерзімі бұзылып, кешіктіріліп берілген құжаттар болған жоқ. Деген мен ауданның дербес бөлімдеріне ауылдық округ әкімі аппараттарының уақытылы ақпарат бермеуі фактілері орын алып, атап айтсақ орындалу мерзімі 2018 жылдың 26 наурызына дейінгі облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаевтың 15.03.18 жылғы №1624 тапсырмасы (Табысты фермерлердің дерекқорын жасақтау туралы) бойынша барлық ауылдық округтерге хат жолданды, алайда Мұратсай және Орда ауылдық округтерінен жауап келген жоқ.

Талдауымды қортындылай келе, алдағы уақытта аталған кемшіліктер орын алмау мақсатында ауылдық округ әкімідерінен мекеменің факстық аппараттарын немесе электрондық пошталарын күн сайын бақылауда ұстап, келген құжаттардың мұқият мерзімін қарап, тиісті жауапты қызметкерге орындауын тапсырып, құжаттардың сапалы орындалуын, уақытылы жіберуін қадағалап отыруды сұраймын.