Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып, 1801-45 ж. Еділ мен Жайық өзендері аралығында болған қазақ хандығы. Бөкейордасы ауданы - облыстың оңтүстік - бағытында орналасқан әкімшілік бөлініс. Оның тарихы негізінен Бөкей хандық құрған кезеңнен басталды. 1925 ж. Бөкей губерниясы таратылып, Орал губерниясының құрамына енді. 1928 ж. Бөкей уезі Орал облысының Орда ауданы ретінде қайта құрылды. 1947 жылдан бастап іске қосылған Капустин-Яр әскери сынақ аймағына аудан территориясының негізгі бөлігі 20 жылға берілді. Соның нәтижесінде 1952 ж. аудан таратылып, шаруашылықтары Оңтүстік Қазақстан облысына, кейбіреуі Орал облысының басқа аудандарына көшірілді. 1972 жылы Орда ауданы қайта құрылды. Қәзір бұл әкімшілік территориялық бөлініс.

 

Ауданның территориясы - 1921445 га, оның - 944979 га полигон жері. 01.01.2014 ж. халық саны 15911 адамды құрайды. Бөкей ордасы ауданы батыстан және оңтүстік-батыс бетіне Ресейдің Астрахань және Волгоград облыстармен шекарасалады. Оңтүстікте Атырау облысының Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылымен, шығыстан-солтүстікке Жаңақала, Казталовка және Жәнібек ауданымен шекаралас орналасқан. 
Аудан орталығы - Сайқын ауылы, облыс орталығынан 550 шақырым қашықтықта.
Ауданның әкімшілік-территориясы төмендегіше бөлінеді:
- 7 ауыл округі ;
- 22 ауылдық елді мекен.
Ең үлкен ауылдық  округі - Бисен ауылдық округі.
Ауданның жер бедері жалпы жазық. Орда, Бисен, Темір Масин және Ұялы ауылдық округтерінің жерлерінде «Нарын құмның» құмды өңірлері орналасқан.
Ауданның Мұратсай ауылдық округі территориясында «Мұратсай» көлі бар.
Аудан тұрғындарының негізгі кәсібі - мал өсірумен айналысады.
Ауданның батыс бетімен 85 шақырым Приволжск теміржолы өтеді.