рисунокБөкей ордасы тарихи-музейлік кешені Орда ауылының Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Тарихи музейлік кешені ХІХ ғасырда салынған. 1828 жылы салынған Хан Сарайы, 1867 жылы ашылған Казначейчество, 1868 жылы ашылған Тарғын учаскелік мектебі, 1883 жылы ашылған қыздар мектебі сынды тарихи-архитектуралық ғимаратарынан және 1835 жылы салынған хан мешітінің негізінде қалпына келтірілген мешіт ғимаратынан құралған.
рисунок1962 жылы Орда тарихи-революциялық музейі қоғамдық негізде болып құрылған. 1967 жылы мемлекеттік Орда тарихи-революциялық музейі. Музейді ұйымдастырған алғашқы директоры А.Ю.Тажетдинов. 1997 жылы Бөкей ордасы тарихи музейі болып өзгерді. Үш бөлім: І-«Қазына» үйінде Бөкей ордасы тарихы, ІІ-«Хан сарайы», ІІІ-«Тәуелсіздікке арналған». Экспозиция залдарының саны 12. 1986, 1997 жылдары экспозициялар жаңартылып, қайта жасақталды. 2001 жылдан бастап – Бөкей ордасы тарихи кешені. Экспозициясы 2001 жылы 30 қазанда жаңадан жасақталып бітірілді.
Казначейство ғимаратында негізінен Бөкей ордасының 200 жылдық тарихи бейнеленсе, Хан мешіті ғимараты Тәуелсіздік тарихына, Хан Сарайы ғимараты Хан Жәңгірдің жеке өмірі мен қызметіне және қару-жарақ палатасы тарихына арналған. Хан Сарайының сақталмай қалған негізгі бөлігі қазіргі кезде «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес қайта қалпына келтірілуде. Қыздар мектебі ғимаратында болашақта «Бөкей ордасындағы халыққа білім беру» тақырыбындағы экспозиция жасақталу жоспарланған. 
Музейде үш бөлімде 3 бөлім меңгерушісі, ғылыми қызметкерлер, бас қор сақтаушы, т.б. қызметкерлер. Бөкей орда тарихи-музейлік кешені директоры Т.М.Махимов. Бұл салада 1978 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасайды.