Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округінің 2018 жылға арналған даму жоспары (rar, 343 Kb)
Ауылдық округ ауданның орталық бөлігінде орналасқан, территориясы - 283,7 мың га. 01.04.2018 ж. күніне халық саны - 3164 адам, аула саны - 675. Ауылдық округ батыс жағынан Мұратсай ауылдық округімен, оңтүстікте - Орда ауылдық округімен, Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылымен, шығыста - Темір Масин ауылдық округімен, солтүстікте Жәнібек ауданымен шекараласады. Округ орталығы - Бисен ауылы, аудан орталығынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округте 4 елді мекен бар (Бисен, Жиекқұм, Жамбыл, Көктерек).
Ауылдық округ әкімі - Саматов Қайырсапа Саматұлы, осы лауазымда 1996 жылдың
17 мамырынан бастап қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы - физика.
Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. 01.04.2018 ж. мал басы: ірі қара - 11 945, қой мен ешкі - 19 615, түйе - 27, жылқы - 4538.
Шаруа қожалықтар саны - 110, жеке кәсіпкерлер - 34.
Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 3 медициналық пункт, 2 жалпы білім беретін орта мектеп, 2 бастауыш мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 2 клуб, 4 кітапхана жұмыс істейді.