Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округі Мұратсай ауылының 2018 жылға арналған даму жоспары (zip, 178 Kb)


Ауылдық округ ауданның солтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан, территориясы - 84,9 мың га. 01.04.2018 ж. күніне халық саны - 996 адам, аула саны - 241. Ауылдық округ батыс жағынан Сайқын ауылдық округімен, шығыста - Бисен ауылдық округімен, оңтүстікте - Орда ауылдық округімен, солтүстікте және солтүстік - батыстан Жәнібек ауданымен, Ресей Федерациясының Волгоград облысымен шекараласады. Округ орталығы - Мұратсай ауылы, аудан орталығынан 62 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округте 3 елді мекен бар (Мұратсай, Әжен, Тайғара).

Ауылдық округ әкімі - Ташуов Жалғас Есқайрұлы, осы лауазымда 2017 жылдың  20 желтоқсанынан бастап қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы: 1) машинажасау; 2) құқықтану.

Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. 01.01.2018 ж. мал басы: ірі қара - 2133, қой мен ешкі - 6655, түйе - 7, жылқы - 425.

Шаруа қожалықтар саны - 30, жеке кәсіпкерлер - 2.

Округте 3 фельдшерлік-акушерлік пункт,  А.Құсайынов атындағы орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 1 клуб, 3 кітапхана жұмыс істейді. Округ аумағында Мұратсай су қоймасы бар.