Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №112 бұйрығына сай, 2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 25-28.02.2019 ж. аралығында «Сайқын ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде, 19-29.03.2019 ж. аралығында «М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, 22-31.07.2019 ж. аралығында «Ақбота» ясли-балабақшасында коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және 16-31.10.2019 ж. аралығында «Бөкей ордасы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізіліп, тексеріс барысында 224 кемшілік анықталып, 1 маманға ескерту берілдіЖоспарланған 5 ішкі бақылау толықтай орындалды.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үнемі бақылау, тексеріс жүргізіліп отыр. 2019 жылы белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ, қызмет көрсету сапасына қатысты  шағымдар түскен жоқ.

2019 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі жұмыстар атқарылды:

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында 16.03.2019ж. және 30.03.2019ж.  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі ғимаратында "Мемлекеттік әлеуметтік көмектің жаңа форматы" тақырыбында "Ашық әкімдік" өткізілді, оған 32 адам қатысты. Аталған шарада 32 кеңес пен ақпараттар беріліп,
29 буклет таратылды.

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында 2019 жылдың 26 маусым күні аудандық демалыс орталығының фойесінде мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 13 адам қатысып, 11 кеңес пен ақпараттар беріліп, 39 буклет таратылды.

- Сайқын ауылында тұрғындар көп шоғырланған жерге «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы тақырыбында билборд, сонымен қатар «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы бейнеролигін Бөкей ордасы ауданы әкімідігінің ресми интернет-ресурстарда және «Facebook» әлеуметтік желісіне орналастырылды.

- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Адам капиталын дамыту» бағытын іске асыру мақсатында маусым айында цифрлық сауаттылық курсқа өткізілді. Оқу келесі бағыттарда: «Ашық үкімет», «Электрондық сауда», «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер», «Базалық цифрлық дағдылар» және «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» өткізді.

- 2019 жылдың мамыр айынан бастап «In kraf» компаниясы арқылы 1-сыныпқа қабылдау қызметі М.Мәметова және М-С.Бабажанов орта мектептерінде автоматтандырылды.

- 2019 жылдың 27-31 мамыр күндері «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК БҚО бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Ақпараттандыру және қызметтерді тұтынушыға бағыттау» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарында 2 маман оқытылды.

-Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында Мұратсай, Ұялы және Хан ордасы ауылдарында электрондық үкімет порталын пайдаланушыларға арналған  және «Үшінші тұлғамен анықтама алу қызметі» көмегімен қызметтерді алу бойынша ескертпелер (памятка)  75 адамға таратылды.

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы 4 - кездесу, 3 – қоғамдық кеңес, 1 «дөңгелек үстел» өткізілді.

Бұған қоса мемлекеттік қызметтер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Орда жұлдызы» газетінде 3 мақала жарияланды.