Бөкей ордасы ауданы, Батыс Қазақстан облысы, Орда ауылдық округі, Хан ордасы ауылының 2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (rar, 417 Kb)

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі Хан ордасы ауылының 2018 жылға арналған даму жоспары (zip, 157 Kb)


Ауылдық округ  ауданның солтүстік-шығыс  бөлігінде орналасқан,  территориясы - 328,0  мың га.   01.04.2018 ж. күніне халық саны - 3107 адам,  аула саны -  725.  Ауылдық округ батыс жағынан Сайқын ауылдық округімен, оңтүстікте - Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылымен, шығыста - Бисен ауылдық округімен, солтүстікте - Мұратсай ауылдық округімен  шекараласады.   Округ орталығы - Хан ордасы  ауылы, аудан орталығынан 55  шақырым қашықтықта орналасқан.  Ауылдық округте 5 елді мекен бар (Хан ордасы,  Қарасу, Үштерек, Сейтқали, Макар).

Ауылдық округ  әкімі – Сисенов Медет Исаұлы, осы лауазымда 2016 жылдың 15 қарашасынан  бастап қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы – бухгалтерлік есеп және аудит. 

Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы.   01.04.2018 ж.  мал басы: ірі қара - 18 909, қой мен ешкі - 12 235, түйе - 717,  жылқы - 6153.

Шаруа қожалықтар саны - 115, жеке кәсіпкерлер - 35.

Округте  1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 3 медициналық пункт, Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп,  3 бастауыш мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 1 клуб, 4 кітапхана жұмыс істейді.  Сонымен қатар Орда тарихи-мұражай кешені, Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі бар.

 

 

Асыл тұқымды қазақтын айыр өркешті түйе өсіретін «Хан-Ордасы» жауыпкершілігі шектеулі серіктестігі

Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Жәңгір хан кесенесі

Дәулеткерей Шығайұлы кесенесі

Мұхамед-Салық Бабажанов кесенесі