Сайқын ауылдық округінің 2018 жылға арналған даму жоспары (rar, 118 Kb)


Ауылдық округ  ауданның батыс  бөлігінде орналасқан,  территориясы - 302,8  мың га.  01.04.2018 ж. күніне халық саны - 5105 адам,  аула саны -  1163.  Ауылдық округ батыс және оңтүстік-батыс жағынан Ресей Федерациясының Астрахань және Волгоград облыстарымен, солтүстік-шығыс бағытта Орда және Мұратсай ауылдық округтерімен шекараласады. Округ орталығы - Сайқын  ауылы, облыс орталығынан 550  шақырым қашықтықта.  Ауылдық округте 4 елді мекен бар (Сайқын, Мәмбет, Жәрмеңке, Шоңай).

Ауылдық округ  әкімі - Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы, осы лауазымда 2016 жылдың 15 қарашасынан бастап қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы - тарих, құқық және экономика негіздері.

Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. 01.04.2018 ж.  мал басы: ірі қара - 5602, қой мен ешкі - 12 917, түйе - 28,  жылқы - 1767.

Шаруа қожалықтар саны - 60, жеке кәсіпкерлер - 175.

Округте 1 аудандық аурухана, 2 медициналық пункт, 2 жалпы білім беретін орта мектеп, 2 бастауыш мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 2 клуб, 4 кітапхана жұмыс істейді.