2020-2022 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округінің дамыту бағдарламасы (rar, 23 Kb)

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округі Саралжын ауылының 2018 жылға арналған даму жоспары (pdf, 1.6 Mb)


Ауылдық округ  ауданның оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан,  территориясы - 166,8  мың га.  01.04.2018 ж. күніне халық саны - 1101 адам,  аула саны -  281.  Ауылдық округ батыс жағынан Ұялы ауылдық округімен, оңтүстікте - Ұялы ауылдық округімен, солтүстікте -  Казталов ауданымен, шығысынан - Жаңақала ауданымен шекараласады.  Округ орталығы - Саралжын  ауылы, аудан орталығынан 200  шақырым қашықтықта.  Ауылдық округте 2 елді мекен бар (Саралжын , Бескөл).

Ауылдық округ  әкімі - Сабыров Нүркен Қайроллаұлы, осы лауазымда 2015 жылдың 17 шілдесінен бастап қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы - қазақ тілі мен әдебиеті. 

Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы.   01.04.2018 ж.  мал басы: ірі қара - 5412, қой мен ешкі - 16 620, түйе - 5,  жылқы - 2262.

Шаруа қожалықтары саны - 21, жеке кәсіпкерлер - 5. 

Округте 1 дәрігерлік амбулатория,  Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы, 1 ауылдық мәдениет үйі, 2 кітапхана жұмыс істейді.