Ауылдық округ  ауданның оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан,  территориясы - 300,3 мың га.  01.07.2015 ж. күніне халық саны - 1479 адам,  аула саны -  260.  Ауылдық округ батыс жағынан Бисен ауылдық округімен, оңтүстікте - Атырау облысының Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылымен, солтүстік - шығысынан - Ұялы ауылдық округімен шекараласады.  Округ орталығы - Бөрлі ауылы, аудан орталығынан 140 шақырым қашықтықта. Ауылдық округте 2 елді мекен бар (Бөрлі, Тереңқұдық).

Ауылдық округ  әкімі - Қитанов Меңдібай, осы лауазымда 2001 жылдың 1 тамызынан қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы - заңгер. 

Округтің аумағында «Нарын құмының» құмды өңірлері орналасқан. Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы.   01.07.2015 ж.  мал басы: ірі қара-11633 бас, қой мен ешкі -27717 бас, түйе - 256,  жылқы 4025 бас.

Шаруа қожалықтары саны - 48, жеке кәсіпкерлер - 16.

 

Округте 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, М.Бегалиева атындағы орта мектеп,  1 бастауыш мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 1 клуб, 2 кітапхана жұмыс істейді.