Ауылдық округ  ауданның шығыс бөлігінде орналасқан, территориясы - 304,7 мың га. 01.07.2015 ж. күніне халық саны - 1284 адам,  аула саны - 267. Ауылдық округ батыс жағынан Т.Масин ауылдық округімен, оңтүстікте - Атырау облысының Құрманғазы ауданының Балқұдық ауылымен, шығысынан - Жаңақала ауданымен, солтүстікте - Саралжын ауылдық округімен шекараласады. Округ орталығы - Ұялы ауылы, аудан орталығынан 180 шақырым қашықтықта. Ауылдық округте 2 елді мекен бар (Ұялы, Кеңой).

Ауылдық округ  әкімі - Оразғұлов Бақытжан Аманғалиұлы,  осы лауазымда 2007 жылдың 18 қазанынан қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы - малдәрігері. 

Округтің аумағында «Нарын құмының» құмды өңірлері орналасқан. Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. 01.07.2015 ж.  мал басы: ірі қара-7235 бас, қой мен ешкі -16996 бас, түйе - 47,  жылқы 1269 бас.

Шаруа қожалықтары саны - 62, жеке кәсіпкерлер - 14.

 

Округте 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 1 клуб, 1 кітапхана жұмыс істейді.