Аудан орталығы Сайқын ауылында Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалайтын "ҚАЗТЕСТ" сынағы өтті. Сынаққа аудан бойынша мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, аудан тұрғындары барлығы 1000-ға тарта адам қатысты.

Сайқын ауылы "НұрОтан" партиясы аудандық филиалы ғимаратында әр салада жетістікке жеткен, өңірдің зиялы қауым өкілдерімен "Жетістік жолы" атты кездесу өтті. Кездесуге белсенді жастар, мұғалімдер, оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында сонау кеңес үкіметі кезінде елге еселі еңбек еткен аға-апаларымыз қиын да абыройлы өмір жолдарынан сыр шертті.

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығы негізінде Бөкей ордасы аудан әкімдігінің ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға беру бойынша конкурс өткізеді, конкурс 2018 жылы 19 наурыз сағат 15.00-де Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі № 31 (3 этаж) Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында өтеді.

Бүгінгі ұрпақ өткен ғасырлардағы от ауызды, сөзге жүйрік, тілге шешен, бір ауыз сөзімен бүкіл қауымды өзіне қаратып, ұйытқан ата-бабаларымен толық мақтана алады. Олардың ізін жалғастыру қазіргі жастардың сөзі қаншалықты орамды. Оның жауабын, М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің оқушылары арасында өткен "Интернет кітапты алмастыра ала ма?" деген тақырыпта пікірсайыс ойындарында көзіміз жетті.

Ұялы ауылында "Болашағың өз қолыңда!" жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, мемлекеттік бағдарламалардан қалыс қалмайтындықтарын жеткізді.