09 08 18 news 1

Бүгін аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің өкілі Самат Владимировичтің "Мемлекеттік қызметшілердің этикалық сәйкестігі мен мінсіз тәртібі туралы" тақырыпты аудандық бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен пікірталас бағытында дөнгелек үстел өткізілді.

Алдымен жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Айтқалиев Ержан Жексенұлы бастап көпшілікке жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің өкілімен таныстырып, аудан бойынша әдеп уәкілінің атқарып жатырған жұмыстары туралы хабармалап кетті. Одан кейін сөз ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің бас маманы Исқалиев Самат Владимировичқа берілді. Самат Владимирович "Мемлекеттік қызметшілердің этикалық сәйкестігі мен мінсіз тәртібі туралы" 2017 жылдың қорытындысымен 2018 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарымен таныстырып кенінен саралап өтті. Бұдан соң, Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы жөнінде дайындалған бейнеролик көрсетілді. Жиын соңында бөлім басшылары қойнауында жүрген сұрақтарын қойып оған өз кезегінде жауаптарын алып тарқасты.

09 08 18 news 2

09 08 18 news 3