рисунок

Ауданға жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев келді. Сапар барысында Бағдат Оразалдыұлы алдымен Сайқын ауылындағы 5 көшесінің 5,6 шақырым асфальт бетонды жолдарына жүргізіліп жатырған орташа жөндеу жұмысымен танысып, жауапты мердігерімен кездесті.

Одан әрі, Сайқын ауылында жаңадан салынып жатырған 70 орындық жатақхана құрылысының жағдайына қанық болды. Жәрмеңке, Әжен елді-мекендеріне бет бұрған облыс әкімі орынбасары осы ауылдарда жүргізіліп жатырған су құбыры құрылысының жағдайына куә болып, кейін Бөрлі және Ұялы ауылдарына жол тартып, ондағы жүргізіліп жатырған ауылішілік газ құбыры құрылысы жұмыстарымен жете танысып өтті.

рисунок

рисунок