рисунок

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.

Адамзат баласының қолымен жасалған келеңсіз фактілердің кесірінен қоршаған ортаның экологиялық ахуалы бұзылып келеді. Балаларға табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап қорғай білуге тәрбиелеу, табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін толық ұғындыру мақсатында «Эко сақшы» акциясы ұйымдастырылып, экологиялық апаттардың болуы себептері көрсетілген парақшалар таратылды.

рисунок

рисунок