14 09 18 news 1

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мамандары Орал қаласының туған күніне орай  «Автокөлігіңізді тіркетіп, жүргізуші куәлігін онлайн түрде ал» атты шара ұйымдастырды. Аталмыш шарада « Бәйтерек» авто базары, «Дина» супермаркеті жанындағы автобазарындағы, көлік жүргізу шеберханаларындағы 300 ден астам авто көлік иелерімен авто көлік жүргізушілеріне арнайы буклеттер таратылып, тұтынушыларға электронды үкімет порталының тиімділігі жөнінде кеңестер берілді.

Аталмыш шара барысында авто көлік иелерін қала күнімен құттықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген филиал қызметкерлеріне темір тұлпар тізгіндеушілер мен иелері алғыстарын білдіріп, таңданыстарын жасырмады.  Бұл шараның басты мақсаты egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте жүргізуші куәлігін ауыстыру және автокөлікті тіркеу туралы автокөлік иеленушілерін ақпараттандыруды арттыру болды. Естеріңізге сала кететін болсақ, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, электрондық үкімет порталында жүргізуші куәлігін ауыстыру мүмкіндігі пайда болды. Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оңай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кіріп, электрондық өтінішті толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлімге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтініш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чекті ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргізуші куәлігінің баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгені құрайды. 

Егер ЖК мерзімі өтіп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

Сонымен қатар, азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелеріне бармай-ақ, автокөліктерін электрондық үкімет порталында рәсімдей алады. Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында авторизациядан өтіп, сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық төлемдерін, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Осыдан кейін автокөлікті сатып алушы азамат электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы сатушы қалдырған өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмір белгісіне, көлік құралын тіркеуге және тіркеу туралы куәлікке төлем жасай алады. Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-мен смарт-келісімді растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмір белгісін алып кету үшін ғана келеді. Сондай-ақ нөмірді үйге жеткізу қызметіне де тапсырыс беруге болады.
Еске сала кетейік, биылғы мамыр айынан бастап ҚР ІІМ автокөлікті тіркеу кезіндегі салыстыруды алып тастаған болатын. Енді есептен шығару немесе көлікті тіркеу кезінде нөмірлік агрегатты тексертудің қажеті жоқ. Мұндай талап тек көлікті алғашқы рет тіркегенде қойылады. 

Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімі өткенге дейін ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерістен өтудің және психиатр, наркологтан анықтама әкелудің қажеті жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте ауыстыруға болады.

14 09 18 news 2

14 09 18 news 3