рисунок

Бөкей ордасы ауданының 90 жылдығына орай, аудан орталығы Сайқын ауылында «Гүлдене бер, туған жер» атты аудан күні аталып өтілді. Мерекеге облыс орталығы Орал қаласы, Жәнібек, Жаңақала, Казталов, Зеленов аудандарының делегацияларымен қатар, көршілес Ресей Федерациясының Ахтуба, Палласовка аудандары мен Глиц, Капустин Яр әскери полигондарының басшылары арнайы келді.

Аудан күні алдымен Кеңес Одағы батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне тәу етуден басталып, Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің экспозициясы, кәсіпкерлердің қолөнер бұйымдарының көрмесі, әр ұлт өкілдерінің тағам тартуы мен аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалауға ұласты. Одан әрі дала қызықтары ұйымдастырылып, ауданның ауыл шаруашылығы саласына үлес қосқан азаматтар марапатталды.  

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок