рисунок

Жастар – қоғамның негізгі қозғаушы күші. Бүгінгі күннің жастары өздерінің ой-пікірлерін еркін білдіру, азаматтық позицияларын көрсете білу, көпшілік алдында іркілмей сөйлеуді бойларына берік сіңіріп келеді. Осының бір дәлелі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша М.Бегалиева атындағы орта мектептің оқушылары арасында пікірсайыс ойындары оздырылды. Қатысушылары қарарда белгіленген тақырып негізінде көзқарастарын ортаға салып, ұстанымдарын танытты. 

рисунок