рисунок

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші  Жаңылсын Хасанова,Мәдениет саласының үздігі, әнші,  сазгер Жаскелең Ғайсағалиев, әнші Еркін Өтегенов, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының әртісі Жанаргүл Құрманғалиева, және өңірімізге танымал шоумен, асаба Нурбек Саламатов кеңесші қызметін атқарды. Олар «Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні» республикалық акциясы аясында қызмет алушыларға электрондық кезек талонын ұсынып, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес берді.

«Мен бұрын халыққа қызмет көрсету орталығына қызмет алуға келетінмін, сол кезде орталықтың инспекторлары қалай үлгеретіндігін және толған халықты қалай реттеп отыратындығына таң қалатынмын. Ал қазір өзім инспектордың жұмысын жасап көргеннен кейін түсіндім. Өйткені әр түрлі түсінікпен келетін адамдардың көңілін тауып, нақты жауап беріп отыру үшін білімің де, тәжірибең де жеткілікті болу керек екен, ал халыққа қызмет көрсету үшін тек білімнің ғана емес шапшаңдық, төзімділік қажет екенін көзіммен көріп, басымнан өткеріп тұрмын», - дейдіЖаңылсынМақсотқызы.

Әнші, композитор Жаскелең Ғайсағали да тұрғындарға электрондық қызметтердің тиімділігін түсіндірді. «Облысымызда Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда, халықтың осы бағыттағы сауаттылығын арттыруда филиал біраз жұмыс атқарып жатыр екен»,- деп өз ойын білдірді ол.

Акция барысында ұялы телефондар мен планшеттер арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бағыты кеңінен насихатталды. 

650 мың халқы бар Батыс Қазақстан облысында «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы биыл 10 айдың ішінде миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ 
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының

PR-менеджері
Жәдігер Дәрменов
Телефон: 87775874411