Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңына сәйкес облысымызда  Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган болып Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті болып табылады.

ҚР Кәсіпкерлік кодексі  Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң талаптарына сай Департамент аудиторлық іс шараларға тағайындау тапсырмаларын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс-Қазақстан облысы бойынша басқармасында тіркейді.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері болып  мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар болып табылады.

ҚР Кәсіпкерлік кодексі  Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңымен қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері анықталған.Қадағалау объектісі  мемлекеттік аудиттің мақсатымен, ұзақтығымен оның нәтижелерімен, тұжырымдарымен және ұсынымдарымен танысуға құқылы.

Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау жүргізу тексеру тағайындау туралы актіні ұсынбаған,  мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не олар өтіп кеткен актілер ұсынуы, бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімділігі сақталмаған, бір кезең ішінде сол мәселе бойынша өзіне қатысты бұрын тексеру болған,   өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін тексеру тағайындалған жағдайларда  аудит объектісі бақылауға келген лауазымды тұлғаларды  тексеруге жібермеуге құқылы.

Аудит объектісі  егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпайтын болса, тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) заңнамаларда  белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Осымен қатар, қолданыстағы заңнамалармен  бақылау және қадағалау субъектілері: бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды беруге, сонымен қатар автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге,  тағайындау туралы актіні  алғаны туралы жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға  белгі қоюға,   объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Бұдан басқа аудит объектісіне тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Қолданыстағы заңнамаларда атап айтсақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте аудит, тексеріс объектілерінің  мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамауы әкімшілік жауапкершілік әкеліп соғатына көзделген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізу мен бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Әдеп жөніндегі  уәкілі болып басшы орынбасары Пак Виталий Львович  тағайындалды. Байланыс телефоны 8 (7112) 50-57-03.

 

Батыс Қазақстан облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

№ 1 аудит сәйкестігі бөлім басшысы Мукаева Макуза Кабидулловна