Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2018 жылдың 9 айында қойылған негізгі бағыттары міндеттер мен функцияларына сәйкес: республикалық  және жергілікті бюджеттің орындауда ҚР заңнамаларына сәйкестік аудиті, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының орындалуына бақылаулар жүргізді.

2018 жылдың 9 айында Департаментпен 179 аудиторлық іс шараларын жүргізіліп  5 200 656,15  мың. тенгенің қаржысы бақылаумен қамтылды.

Аудиторлық іс шаралармен 3 486 234,6 мың.тенгенің бюджет  немесе басқа заңнамалардың бұзушылықтары анықталып, оның ішінде өндірілуге және қалпына келтірілуге жататын сомалар 809 474,51 мың.тенге немесе барлық бұзушылықтардың  29,0 % пайызын құрады.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар бойынша бақылаумен қамтылған 2 849 942,93 мың тенге қаражаттың 168  сатып алу рәсімі 2 411 265,94 мың тенге заңнамаларды  бұзушылықпен өткізілгендігі анықталды.

Департаментпен мемлекеттік сатып алу зңннамаларын сақталуына жүргізілген аудиторлық іс шаралар қорытындысымен  249 299,2 мың.тенгенің  54 мемлекеттік сатып алу рәсімі қорытындысы күшін жойды.

Осымен қатар  құқық қорғау орындарына маман ретінде  70 қорытынды берілді.

Есепті мерзім ішінде Департаментпен  мемлекеттік сатып алу веб порталы статистикалық  деректері негізінде 83 миллиард 536 миллион тенгеге  7359 сатып алу/лот камералдық бақылаумен қамтылып бақыланды.

  Камералдық бақылау іс шараларымен 978 анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерін, жағдайларды жою хабарлама жіберілді.

  Жыл басынан 9 айдың қорытындысымен  Департаментке 833 арыз-шағымдар түсіп, оның 749-ы  (89,9%) қаралды, соның ішінде 406  (54,2%) толықтай немесі ішінара қанағаттандырылғандар,  270 (36%) арыз-шағымдағы дәлелдер расталмағандықтан Департаментпен қарау бас тартылса, 40 (5,3%)  заңнамаларға түсiнiк беріліп, 33 (4,4%)  қарауды тоқтату туралы өтінімдер негізінде тоқтатылды.

  Бақылаушылық іс шараларымен жіюберілген кемшіліктермен бұзушылықтар үшін бақылау нысандарының 100 лауазымды қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 147 әкімшілік іс қозғалды. Соның ішінде 142 әкімшілік іс лауазымды тұлғаларға, 5 әкімшілік іс заңды тұлғаларға қатысты. Қозғалған  барлық әкімшілік істердің 70 пайызы  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207 бабы «Мемлекеттікң сатып алу заңнамаларын бұзушылықтар» болып табылады.  Салынған айыппұлдардың сомасы 12 914 850 тенгені құрады.

Процессуалды шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау орындарына жолданған 22 аудит материалдары негізінде 4 қылмыстық іс қозғалды.

Департамент бақылау функциясымен қатар мемлекеттік сатып алу заңнамалары нормаларымен камералдық бақылау іс шараларын жүргізу тәртіпбіне  соның ішінде жергілікті бюджеттік  бағдарламалары әкімшілерімен бірлесе  тұрғылықты түрде  семинар кеңестер ұйымдастырылуда.

Департаменттің жауапты  қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, прокуратура, сот органдарымен, облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған семинар, кездесу «дөңгелек столдерге»   белсенді  қатысуда.

Көрсетілген мерзімде Облыстық БАҚ беттерінде 24 мақала, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  заңнамаларға түсінік беру туралы  39 семинар өткізілді.

Департамент басшылығымен 4 сұхбат республикалық канал арқылы 1, жергілікті канал арқылы 3 берілді. Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу  жұмыстары жүйелі  түрде жүргізіледі.Жекелегенде БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірленіп басшы бұйрығымен  бекітілді.

Сонымен қатар, қызметкерлермен этикалық нормалармен ережелерді сақталуымен,  мемлекеттік қызметкерлердің  құқықтарын қорғау үшін Департаментте Әдеп жөніндегі уәкіл   анықталды.

Мемлекеттік аудиторлар тарапынан этикалық нормалармен ережелерді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын бұзушылықтар анықтала қалса сіздер Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Әдеп жөніндегі  уәкілі  Пак Виталий Львовичке 8 (7112) 50 50 28 телефона арқылы хабарлай  аласыздар.