Мемлекеттік аудит институты әлемнің барлық елдерінде іс жүзінде бар және соңғы жылдары белсенді түрде дамып келеді. Мемлекеттік аудиттің миссиясы - мемлекет пен қоғамның атынан билік органдарының өздеріне сеніп тапсырылған мемлекеттік ресурстарды басқарудағы қызметіне тәуелсіз, объективті қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Қазақстанда мемлекеттік аудит институты 2015 жылы 12 қарашада «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойылғаннан бастап пайда болып, халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген.

Осы заңға сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бухгалтерік есеп пен қаржылық есептілік туралы  заңнамаларының сақталуына қатысты аудиторлық  іс -шараларды жүргізді.

2018 жылдың 10 ай ішінде жүргізілген 190 аудиторлық шараларының нәтижесі бойынша жалпы сомасы 796750,11 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтарға, бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасақтауға қатысты заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

қабылданған шаралармен қаржылық бұзушылықтардың қазіргі таңда жалпы сомасы 1855,75 мың теңге бюджетке өндірілді және жалпы сомасы 592469,8 мың теңге қалпына келтірілді.

Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға, сондай-ақ, аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныс беріліп, орындалды.

- бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасақтауда бұзушылықтар сомасы – 585307,69 мың теңге құрайды. Бұл жағдай мекемелер мен кәсіпорындарда қаржылық есептілікті жасау кезінде есепті кезеңдегі барлық операциялардың толық көрініс таппау нәтижесінен қаржылық есептілікте бұрмалау орын алған.

 Осы бұзушылықтарға жол бергені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне сәйкес 19 лауазымды тұлға 1 984,1 мың теңгеге, 17 заңды тұлға 6 734,0 мың теңгеге, жалпы сомасы 8 718,1 мың теңгеге айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 6925,4 мың теңгесі бюджетке төлу арқылы  өндірілді.

Жүргізілген  аудит нәтижелерін талдауда аудит объектілерінде орын алатын жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктердің себебі, негізінен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындауда еңбек ақы туралы, бюджеттік заңнамалардың талаптарын қызметкерлердіңтолық меңгермеуі болып табылады.

Аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына объектінің қызметін жақсарту және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына себеп болатын шарттарды болдырмау бойынша нақты ұсыныстары бар аудиторлық қорытындылар жолданады, оларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар қоса беріледі. Өз кезегінде, объектілер тарапынан анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу және есептілікте көрсету арқылы қалпына келтіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.

Осылайша, қабылданған Заңға сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ҚР заңнамасында мемлекеттік аудит туралы өзіне жүктелген функцияларға сай бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, мемлекеттік мекемелерге жыл сайын қаржылық есептілік аудитін жүргізеді. Бұл ретте, осындай аудит нәтижелері мемлекеттік аудит объектілері ұсынатын қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен шынайылығы дәрежесін арттырады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаменті

басшысының міндетін атқарушы 

К.Нурмуканов