рисунок

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мал баққан ауыл адамы үшін өте қажет дүние. Жалпы, елімізде бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түріне қосымша келесі тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі.

Атап айтар болсақ, олар үш тәсілге бөлінеді; 

1) электрондық бірдейлендіру тәсілі ( радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар);

2) татуировка;

3) таңба басу.

Осылардың ішіндегі ең қолайлысы электронды бірдейлендіру тәсілі. Арнайы автоматтандырылған немесе цифрландырылған құралдар арқылы әр жануардың құлағындағы сырғасы арқылы толық әрі нақты мағлұматтар алуға әбден болады. Солардың бірі елімізге жаңадан қолданысқа енгізіліп жатырған RFID сырғалары. Осы арқылы әр жануардың сипаттамасын алып, малды санауда, табын басын көбейтуде қандай қажеттіліктерді қолға алу керектігі жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік тудырады. Бүгін Хан ордасы ауылында RFID сырғаларын теория мен практикада ("Арсан" шаруа қожалығында) түсіндіру бағытында жеке жас кәсіпкер Саян Баетов семинар-тренинг жүргізіп, жаңа техниканың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндірді.

Одан әрі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы И.Курмашев жалдамалы жұмысшы жастармен кездесіп, хал-жағдайларын білді.

рисунок

рисунок