2019 жылдың 15 тамызынан кешіктірмей келесі салық есептілігін ұсыну қажет екендігін еске саламыз:

1) 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация СЕН 910.00;

2) 2019 жылдың екінші тоқсаны үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация СЕН 200.00;

3) 2019 жылдың екінші тоқсаны үшін қосылған құн салығы бойынша декларация СЕН.300.00;

4) 2019 жылдың маусымы үшін акциз бойынша декларация СЕН 400.00, құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі СЕН 421.00;

5) 2019 жылдың екінші тоқсаны үшін экспортқа рента салығы бойынша декларация СЕН 570.00;

6) 2019 жылдың екінші тоқсаны үшін пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларация СЕН 590.00;

7) 2019 жылдың екінші тоқсаны үшін ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация СЕН 710.00;

8) 2019 жылдың екінші тоқсаны үшін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация СЕН 860.00;

9) 2019 жылдың екінші тоқсаны үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация СЕН 870.00;

10) 2019 жылдың екінші тоқсаны үшін резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі СЕН 101.03;

11) 2019 жылдың екінші тоқсаны үшін резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі СЕН 101.04.

Сондай-ақ, импортталған тауарлар бойынша жанама жөніндегі декларация СЕН 320.00, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш СЕН 328.00 2019 жылдың 20 тамызынан кешіктірілмей табыс етілуі қажет.

Электронды түрде декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" (бұдан әрі - СТК) Web-қосымшасы арқылы мына мекен-жай бойынша беруге болады: http://cabinet.salyk.kz немесе СЕӨЖ АЖ клиенттік қосымшасын пайдалана отырып, салық төлеушілер үшін СЕӨЖ АЖ электронды түрде СЕӨЖ өткізудің баламалы тәсілі ретінде іске асырылады.
Осы ақпараттық жүйені және жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығын http://kgd.gov.kz/ru/section/sono сілтемесі бойынша жүктеуге және танысуға болады.

Интернетке кіруге мүмкін болмаған жағдайда, әрбір аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің терминалдары бар компьютерлерден жіберу керек.

Салық есептілігін тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйелерге жүктеме жоғары болып, декларацияны тапсыру процесі айтарлықтай қиындайтындықтан, декларацияны соңғы күндерге қалдырмай, алдын-ала тапсыруға кеңес береміз.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі