рисунок

Достар, қарашадан бастап мекенжай анықтамасы болмайды. Желі пайдаланушылары оның орнын қандай құжат басады, енді тұрғылықты жер бойынша тіркеу қажет емес пе деп сұрап жатыр. Онда мына постымызды сақтап, мұқият оқып, көңілге тоқи жүріңіз.


Мекенжай анықтамасы қашан жойылады?
1 қарашадан бастап «Мекенжай анықтамасы» мемлекеттік реестрден мүлде алынып тасталады.


Мекенжай туралы мәліметтерді қалай, қайдан көруге болады?
Тұрғылықты мекенжай жөніндегі мағлұматты egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинет арқылы тексеруге болады.

Мемлекеттік органдар мен өзге заңды тұлғалар бұл мәліметті қайдан алады?
Мемлекеттік органдар мекенжай деректерін ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алатын болады.
Басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.