"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын" түсіндіру бағытында ауданымызға облыстық ақпараттық-насихат тобы келіп, тиісті бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, аудандық мәслихат депутаттары мен жастар ұйымдары өкілдеріне арнайы семинар өткізді.

Топ құрамында:Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты" мекемесі директоры, ғылым кандидаты, доцент Жаңабеков Үмбетқали Молдағалиұлы, "БҚО Азаматтық альянс ассосациясы" заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Танабаева Жаннат Ізімбергенқызы, "Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты" мекемесінің заңгері Жүсіпов Тельман Асанұлы, "Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты" мекемесі бас әдіскері Әміров Амангелді Орынғалиұлы бар. Семинар барысында ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.