"Қоғамдық тыныштықты бұзу өмір сапасын төмендететін болғандықтан кез - келген ұсақ құқық бұзушылықтар, бұзақылық, мәдениетсіздікпен бітімгершілікке келмеуіміз қажет" деген мақсатпен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өзіңнен баста - Начни с себя!» акциясы өткізілді. Акция аясында көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында брошюралар таратылып, басты көшелерге ілінді.