"Рухани жаңғыру" аясында аудандық демалыс орталығында аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық демалыс орталығы, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Сағындырған әндер-ай" атты ауылдың қарияларының отырысы өтті. Отырыс барысында Елбасының бағдарламасын тиімділігін түсіндіру, аудан өмірінде болып жатырған соңғы жаңалықтар, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында өзекті ойлар айтылды. Сонымен қатар, ел ағалары мен ақ жаулық әжейлер сонау заманғы халықтың жадында сақталған ән-жырларды шырқап, бір жасарып қалды.