"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында пауэрлифтингтен (жатып сығымдап көтеру) Әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Самигуллин Хасанқожа Ертарғынұлының құрметіне айналған аудандық деңгейде ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында жарыс өтті. Сонымен қатар, турнир иесімен арнайы сұхбат алаңы құрылып, спортшы жас балғындар чемпион ағаларына көкейдегі сұрақтарын қойды.