Бөкей ордасы ауданы жастарының «Туған өлкем - тірегім» форумы және «Жыл үздігі – 2017» жастар премиясын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.Биылғы жылы екінші мәрте өткен аталмыш жүлде жыл бойына ауданымыздағы жастар қозғалысының дамуына белсене араласып, әр салада өз кәсіби шеберлігін көрсеткен, белгілі жетістіктерге жеткен, ел ертеңіне сенген – жастарды анықтау, болашаққа деген ынта-жігерін және елдің экономикалық, саяси, мәдени өміріне белсенділіктерін арттырып, жас буынның патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында еңбек сіңірген әр саланың үздік жаңа есімдеріне берілді. «Жыл үздігі – 2017» жастар сыйлығы 9 аталым бойынша жүзеге асты. 

Атап айтар болсақ,

- "Үздік мектеп көшбасшысы"

- "Үздік жас спортшы"

- "Үздік жас кәсіпкер"

- "Үздік жас медицина қызметкері"

- "Үздік жас өнерпаз"

- "Үздік жас ұстаз"

- "Үздік студент"

- "Үздік жас маман"

- "Жыл жаңалығы".